Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан екі адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан екі адам қаза тапты
видео кадры

Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Лючжоу қаласында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелген.

Ресми мәліметке сүйенсек, табиғи апат салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалған. Қауіпсіз аймақтарға 7 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланған.

Сондай-ақ, 13 үй қирағаны хабарланды. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.