Қырғызстанның Ош - Алай тасжолының 58-шақырымында жеңіл көлікті сел ағызып әкетіп, салдарынан шамамен алты адам көз жұмған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет нақтыланып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне 24 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:17-де түскен. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел топ жіберілген.
Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ, көлікте қанша адам болғаны анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі сел жиілеуін климат өзгеруімен байланыстырып отыр.