Қостанайда студент Нелли Дубовик DamuMed қосымшасындағы медициналық деректерінен өзіне қатысы жоқ «эпилепсия» диагнозын анықтаған. Жүйеде оның күндізгі стационарда ем қабылдағаны туралы жазба мен ауруханадан шығару эпикризі де тіркелген, деп хабарлайды dalanews.kz.
№5 емхана өкілдері аталған дерек бойынша қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді.

Осы жағдайға байланысты бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуы мүмкін деген күдік те айтылды. EGov Press ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен медициналық қызметтерге бөлінген қаржыға жан-жақты тексеру жүргізуді сұрады.