Қонаевта пайдаланылмай жатқан бірнеше мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қаракөз Амантай 08 ақп. 2024 16:31 2271

Алматы облысы Қонаев қаласының аумағындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері сот шешімімен 500 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, 5 мың гектардан астам жер меншік құқығынан өз еркімен бас тартылды.

Өткен жылы да 15 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 1430 гектарды құрайтын 5 іс қаралуда.

Алматы облысында 2023 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған жердің жалпы көлемі 224 мың гектарды құрады.

Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылдан бері 7,8 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар