Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан елге жеткізуге 4 млн доллар жұмсалған

Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан елге жеткізуге 4 млн доллар жұмсалған
ашық дереккөз

Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауға шамамен 4 млн доллар жұмсалған. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде елге қайтарылуға тиіс азаматтар саны 4 мыңға жуық болған. Кейін эвакуация ауқымы кеңейіп, шетелдегі қазақстандық азаматтар саны 10 мыңға жеткен.

Министрдің сөзінше, жолаушылардың жартысында әуе компанияларынан қайтар билет болғандықтан, тасымал шығынының бір бөлігі алдын ала төленген. Үкімет тек сақтандыру қаупіне байланысты белгілі бір бөлігін өтеген.

Сондай-ақ, Дубайдағы азаматтарды жағдай тұрақты елдерге көшіру жұмыстары жүргізілген. Барлық эвакуациялық шараға шамамен 4 млн доллар жұмсалған.