Қазақстан мұнайын кімдерге сатып отыр?

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2024 09:33 2077

Энергетика министрлігі мәліметінше, жыл басындағы жағдай бойынша қазіргі мұнай қоры 4,4 миллиард тонна, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz мәліметіне сүйенсек,барлық өндірілетін мұнай қорының шамамен 80 пайызы мына 10 ірі кен орнына тиесілі:

  • Қашаған - 1 014,0 миллион тонна;
  • Теңіз - 899,2 миллион тонна;
  • Қарашығанақ - 308,8 миллион тонна (оның ішінде конденсат - 242,3 миллион тонна);
  • Өзен - 123,3 миллион тонна;
  • Корольдік - 57,1 миллион тонна;
  • Жаңажол - 44,6 миллион тонна (оның ішінде конденсат – 8,8 миллион тонна);
  • Қаламқас - 41,5 миллион тонна;
  • Қаражанбас - 37,9 миллион тонна;
  • Солтүстік бозашы - 35,1 миллион тонна.

Қазақстанның жалпы өндірістегі үлесі 33,1 пайыз болады. Өндіру бойынша екінші орында АҚШ 30,9 пайызбен тұр. Үшінші орында Еуропа елдері, 18,4 пайыз. Олардан кейін Қытай, 11,4 пайыз және басқа елдер, 2,7 пайыз тұр.

Бұл ретте ұсынылған ақпаратқа сәйкес мұнай экспорты мына елдермен арада жүргізіледі:

  1. Италия;
    2. Нидерланды;
    3. Қытай;
    4. Корея Республикасы;
    5. Румыния;
    6. Франция;
    7. Түркия;
    8. Греция;
    9. Сингапур.

"Мұнай өндіру мен экспорттаудан 2023 жылғы түсімдер туралы мәліметтер:

  • Мұнай секторы ұйымдарынан пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық - 1 282,5 миллиард теңге;
  • Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы - 452,0 миллиард теңге;
  • Шикі мұнайға кедендік баж - 1 643,1 миллиард теңге.
    Cалықтардың жалпы сомасы 3 триллион теңгеден асады", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар