Қамшыбек Ташиев сотта прокурорларды айыптаудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бішкектің Бірінші май аудандық сотында билікті күшпен басып алуға дайындалды деген қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
24.kg басылымының мәліметінше, 29 маусымдағы сот отырысында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев мемлекеттік айыптаушыларға үндеу жасап, айыптаудан бас тартуға шақырған.
Адвокат Икрамидин Айтқұловтың айтуынша, қорғаушылар бұл ұсынысты қолдаған. Алайда прокуратура өкілдері Ташиевтің үндеуіне ешқандай жауап бермеген.