Freedom Inside '26

Отбасылық құпияны айтып қойған келінін енесі өлтіріп қойды

Отбасылық құпияны айтып қойған келінін енесі өлтіріп қойды
Dalanews.kz коллажы / ЖИ

Өзбекстанда енесі отбасылық құпияны айтып қойған келінін өлтіріп тастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот материалдарына сәйкес, жанжалға әйелдің келіні отбасындағы мәселелерді өз анасына айтып жүр деп күдіктенуі себеп болған. Кикілжің тез арада қайғылы жағдайға ұласқан

Жанжал кезінде айыпталушы келініне бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Сот шабуыл жасаған әйелді кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.