Ресейдің Орынбор облысына қарасты Орск қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес әуе кемесінің бортында екі курсант пен нұсқаушы болған. Облыс губернаторы мен өңірлік үкіметтің мәліметінше, экипаж мүшелерінің барлығы оқиға орнында көз жұмған.
Қазір қаза тапқандарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайлар қызметі өкілдері ұшақ оқу-жаттығу рейсін орындағанын нақтылады.
