Bloomberg мәліметінше, OPEC+ елдері мамыр айында мұнай өндіру көлемін шамамен тәулігіне 206 мың баррельге аздап арттыруды жоспарлап отыр. Алайда бұл көбіне формалды қадам ретінде бағалануда, деп хабарлайды Dalanews.kz
Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты ірі ойыншылардың бір бөлігі нақты жеткізілім көлемін бәрібір ұлғайта алмай отыр. Бұл шешім алдағы бейнеконференцияда бекітіледі деп күтілуде. Дереккөздердің айтуынша, негізгі елдер, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Ресей, жалпы келісімге келіп қойған.
Ормуз бұғазындағы жайдай қалай?
Сонымен қатар, Иран Ирак кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы еркін өтуге рұқсат берді.
«Бауырлас Ирак біз Ормуз бұғазында енгізген барлық шектеулерден босатылды», — делінген Islamic Republic News Agency мемлекеттік агенттігі жариялаған мәлімдемеде.
Бұл шешім мұнай нарығындағы жағдайға әсер етуі мүмкін, өйткені Ормуз бұғазы аймақтан шикізат экспорттайтын негізгі бағыттардың бірі болып қала береді, деп еске салады Bloomberg.
Сондай-ақ, Дональд Трамп Ормуз бұғазы туралы кезекті рет эмоциялық пікір білдірді. Ол Ираннан бұғазды ашуды талап етіп, әйтпесе «тозақтай өмірмен» қорқытты.
«Сейсенбі күні Иранда Электр станциясы күні мен Көпір күні атап өтіледі. Бұған дейін мұндайды көрген емессіздер. Ана қарғыс атқан бұғазды ашыңдар… әйтпесе тозақта өмір сүресіңдер», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
