Шекара асып, шетелден жеңіл, жүк көліктерін сатып әкелгендердің салығы 300 мың теңгеден басталып 2 миллионға дейін барады. Ал темір тұлпар Қазақстаннан алынса, утилизацияға ақшаны жүргізуші емес, отандық зауыт төлеуі тиіс.
Дау тудырған жаңа қаулыны Энергетика министрлігі экологияны ойлаған соң барып отыр екен. Себебі, елде 2 жарым миллионнан астам ескі көлік тіркелген. Бір қызығы, Қазақстанда утилизация жасайтын бірде-бір зауыт жоқ. Тек кейбір облыстарда көне көліктерді бөлшектейді. Онда да доңғалақ пен аккумуляторды ауыстырумен шектеліп жүр.