Жер комиссиясы мораторийдi 5 жылға ұзартуды ұсынды

Dalanews 13 там. 2016 05:08 869

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы Асқар Мырзахметов комиссия Жер кодексінің кейбір баптарына енгізілген мораториді бес жылға - 2022 жылға дейін ұзартуды ұсынып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Осы жұмыстарды толығымен атқару үшiн мамандардың есебi бойынша кем дегенде екi жыл уақыт керек. Барлық ұсыныстарды ескере отырып, мораторий жарияланған мәселелер бойынша мынадай ұсыныс айтқымыз келедi – осылардың негiзiнде қабылданған мораторий мерзiмiн 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейiн созу туралы Мемлекет басшысына  ұсыныс жасау. Мораторий мерзiмi созылғаннан кейiн түгендеу жұмыстарын атқарып, тиiстi дерекқорын толығымен қалыптастырып, содан кейiн барып туындаған сұрақтарға нақты жауап беуге мүмкiндiк туады», – деп атап өтті Асқар Мырзахметов.

Өткен айда Мемлекет басшысы Үiмет басшысын қабылдаған кезде, жер мәселесіне халық алаңдап отырғанын ескере отырып, белгiлi бiр шешiмге келу туралы ой-пiкiрiн айтқан болатын.

«Осылардың бәрiн ескере отырып, осы мәселенi бүгiнгi отырысқа шығарып отырмыз. Яғни, мораторй мерзiмiн тағы бес жылға ұзарту ұсынылады», - деп түйіндеді комиссия төрағасы.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар