Аталған онкүндіктің басты мақсат-міндеттері – Қорғаныс Министрінің, Әуе Қорғаныс Күштерінің Бас қолбасшысының, әскери қызметшілердің арасында жолкөлік оқиғаларына әкелетін себеп-салдарын жою, барлық санаттағы әскери қызметшілерде ақпараттық-құқықтық дүниетанымын кеңейту болып табылады.
Селекторлық жиынында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Нұртас Қабаков орынбасарларына, бөлім командирлеріне бөлімдерінде жарақаттанудың және жол көлік оқиғаларын алдын алу бойынша онкүндіктің іс-шаралары жеткізіп, онкүндік іс-шараларын сапалы орындау үшін тиісті шаралар әзілеуін талап етті.
Әскери полиция қызметкерлерімен бірге қызметтік және жеке автотранспорттарға апаттық емес пайдалануды насихаттауда барлық санаттағы командирлерге қажетті көмек көрсету үшін тәжірибелік іс-шаралар талқыланып, әзірленді.
Онкүндік өткізу кезінде медицина қызметінің бастықтары бөлімдердің жеке құрамына «Жол көлік оқиғасы кезінде, түрлі жарақаттар алғанда алғашқы медициналық жәрдем көрсету»-деген тақырыпта сабақтарын жүргізді.
Әскери полиция қызметкерлері бөлімдердің офицерлері мен келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілеріне «Маскүнемдіктің қоғамдағы салдары. Мас күйінде көлік жүргізу-қылмыс»-деген тақырыпта көрсетілім сабақтарын өткізді.
Әскери бөлімдердің автоәуесқойлар қоғамдастығының төрағалары «Жол жүру ережелерін бұзу, сақтамау және олардың салдары»-деген тақырыпта жеке құраммен сабақтар өткізді.
Онкүндік барысында бөлім командирлері мен олардың тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, бөлім сержанттары әскери ұжымда жол-көлік оқиғаларын болдырмау, қауіпсізідік шараларын сақтау бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді ат салысуда.
Жоспарланған іс-шаралар жеке құрамды толық қамтумен орындалып, онкүндікте алға қойған мақсаттар толық орындалы үміттенуде.
Азамат Жағалбаев, 25750 әскери бөлімінің офицері (баспасөз-хатшысы), майор