Жапония премьер-министрін өлтірген қылмыскер сот үкімімен келіспейді

Dalanews 04 ақп. 2026 09:32

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірген қылмыскер бірінші сатыдағы соттың оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы «Киодо» агенттігі хабарлады. 21 қаңтарда Нара округтік соты 45 жастағы Тэцуя Ямагамиді экс-премьерді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Дәл осындай жаза тағайындауды прокуратура талап еткен болатын.

Ал Ямагамидің адвокаттары 20 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Олардың айтуынша, клиенті «дінге байланысты зорлық-зомбылықтың» құрбаны болып табылады және түзелуге мүмкіндік алуға лайық.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove