Франция билігі Илон Маск пен X әлеуметтік желісіне қарсы іс қозғады

Франция билігі Илон Маск пен X әлеуметтік желісіне қарсы іс қозғады
Фото: Reuters

Франция билігі америкалық кәсіпкер Илон Маск пен X әлеуметтік желісіне қатысты тергеу ісін бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеуге Масктың 20 сәуірге белгіленген жауап алуға келмеуі себеп болған. Іс аясында X компаниясының бұрынғы бас директоры Линда Яккарино әрекеттері де тексеріліп жатыр.

Agence France-Presse агенттігінің мәліметінше, тергеу 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желі алгоритмдерінің жұмысына қатысты түскен шағымдардан кейін басталған.

Француз тергеушілері платформаның алгоритмдері қалай жұмыс істейтінін және олардың қолданушыларға ықпал ету механизмдерін зерттеп жатыр.