Еуропа елдерінде аптап салдарынан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін зерттеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Зерттеу деректеріне сәйкес, қайтыс болғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан азаматтар. Олардың саны 9 мыңнан асады. Мамандардың айтуынша, ауа температурасының күрт көтерілуі жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларының асқынуына әкелген.
Маусым айының соңғы аптасында ыстыққа байланысты өлім-жітім ең көп Франция мен Бельгияда тіркелген. Ал Германияда аптаптың салдарынан 5 мың адамның қайтыс болғаны расталды.
Сондай-ақ Англия мен Уэльсте осы кезеңде 2,7 мыңға жуық адамның көз жұмғаны белгілі болды.