Дубай әуежайында жолаушылар саны күрт төмендеді

Дубай әуежайында жолаушылар саны күрт төмендеді
Фото: ЖИ

Дубай халықаралық әуежайы биылғы жылдың алғашқы жартысында 31,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылы тіркелген рекордтық көрсеткішпен салыстырғанда 31 пайыз төмен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Bloomberg мәліметінше, әуежай басшылығы жылдың екінші жартысында жолаушылар ағыны қайта жанданады деп болжап отыр. Бұған әуе компанияларының тасымалдау қуатын қалпына келтіруі, транзиттік жолаушылар санының өсуі және сапарларға қойылған шектеулердің жеңілдетілуі ықпал етуі мүмкін.