«Сіз өзіңізді билік мұрагері деп санайсыз ба?» деген сауалға Дариға Назарбаева:
– Мен өзімді Отанына адал әрі шын берілген, президенттің командасындағы адам ретінде санаймын. Сондықтан мұрагерліктің айналасындағы болжамдар мен жорамалдар спекуляция болып табылады, – деп жауап қатты.
Айта кетейік, Дариға Назарбаева парламент сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұның алдында ол премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Дереккөзі: nur.kz