– Екі күн Астана әуежайының тұрағында тұрған бір жеңіл автокөлікке 102 мың теңге сұрап тұр. Алдында осындай жағдайлар болып жатыр дегенде сенбегем… Ал қазір өз-көзіммен көріп, аң-таң болдым. Бұл не сұмдық? Бұлар бағаны қайдан алады? – дейді Нұрлан Әлімжан.
Еске сала кетейік, бұған дейін боксшы Серік Сәпиев көлігін тұраққа бір тәулікке қойғаны үшін 33400 теңге төлегенін айтып, Астана әкіміне шағымын айтқан еді.