Бүгіннен бастап Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR жүйесі толық іске қосылады. Бұл жаңалықты Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия Финтех саммитінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл күнге дейін технологиялық тұрғыдан барлық банк жүйеге қосыла қоймаған еді. Бүгін Kaspi Bank те ресми келісімге отырып, жүйеге қосылатынын растады.
Енді кез келген сауда нүктесінде кез келген банктің мобильді қосымшасын пайдаланып, QR-код арқылы төлем жасауға болады. Бұл қадам төлем жүйесін жеңілдетіп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды одан әрі дамытуға бағытталған.
