АҚШ Қаржы министрлігі Bloomberg News, The Wall Street Journal және The New York Times журналистеріне G20 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері басшыларының Эшвиллде өтетін кездесуіне аккредитация беруден бас тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство Bloomberg агенттігіне мұндай шешімнің себебін түсіндірмеген.
Bloomberg News өкілі бұл шешім БАҚ еркіндігі мен қоғам алдындағы есепке нұқсан келтіретінін мәлімдеді.
"G20 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері басшыларының кездесуіне журналистерді кіргізбеу жаһандық қоғам мүддесіне қызмет ететін форумның ашықтығына кері әсер етеді", - деді агенттік өкілі.