АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандқа барды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандқа барды
Саида Мирзиёева /Telegram

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандқа барды. Әуежайда жоғары лауазымды қонақты Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева қарсы алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өзбекстанда АҚШ-тың бас дипломаты мен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері қатысатын C5+1 форматындағы кездесу өтеді.

Тараптар АҚШ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.