Ресейдің экономикалық экспанциясы басталып кетті - сарапшы Сәтбаев

Сағыныш Сардарова 19 сәу. 2024 13:53 111832

Сарапшылар Қазақстан Ресей үшін неге маңызды екенін түсіндіріп берді. Бүгінде Қазақстан көршілес елде соғыс пен санкция жүріп жатқан кезде тепе-теңдікті сақтауға тырысып отыр. 

Осы тұста қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев Қазақстанның Кремль үшін маңызын бірнеше фактормен түсіндіріп берді. Ол бұл туралы Владимир Кравченконың материалында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшының пікірінше, біріншіден, Мәскеу Қытаймен белсенді қарым-қатынас жасағысы келсе, онда Орта Азиядағы позициясын одан әрі нығайтуы керек екенін түсінеді. Екіншіден, Ресей санкцияларды айналып өту саясатының бір бөлігіне айналдыру үшін Қазақстан экономикасында ықпалын күшейтуге ниетті.

"Ресейдің Қазақстанға белсенді экономикалық экспансиясы жүріп жатыр, бұл біз үшін елеулі геосаяси қауіп туғызады. Ресейлік компаниялар елдегі позициясын белсенді түрде нығайтып жатқанын көріп отырмыз, бұл өте-мөте қауіпті үрдіс. Олардың ішінде "Газпром", "Лукойл", "Росатом" секілді алпауыттар бар. 2019 жылы Қазақстанда 7 мыңға жуық ресейлік компания болса, қазір олардың саны 20 мыңға жуықтап қалды. Кейбір қазақстандық олигархтар соңғы уақытта өз активтерін ресейлік бизнеске жаппай сата бастады", - деді ол.

Тағы бір сарапшы Сергей Коновалов Ресей Федерациясы үшін Қазақстанның адал болып қалуы маңызды екенін мәлімдеді. Бірақ Астананың Мәскеуден белгілі бір қашықта болуы ресейліктер үшін артықшылықтарға ие екен.

Сонымен қатар, ол Қазақстан соғыс пен санкция, бір жағынан интеграциялық бірлестіктер аясындағы тығыз өзара іс-қимыл жасайтын өте күрделі дипломатиялық партияны ойнап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қарызға белшеден батып жатқаны, соңғы бес жылда елдің сыртқы берешегі 4 миллиард долларға артқаны туралы ақпараттар тарады. Ұлттық банктің дерегінше 2024 жылы елдің сыртқы қарызы 163 миллиард доллар болған, бұл осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бірнеше миллиардқа көп. Соның ішінде Ресейге берешегі көп болып шықты.

Қазақстанға ең көп несие берген ел – Нидерланд: 42,6 миллиард доллар. Дегенмен Қазақстанның Ресейге алдындағы берешегі ерекше көзге түседі. Соңғы бес жылда Қазақстанның теріскей көршісіне қарызы 47,1 пайызға артып, 13 миллиард долларға жеткен. Бұл Мәскеудің Қазақстан экономикасындағы қаржылық ықпалы мен белсенділігін айтарлықтай күшейтіп отыр.

Ал Батыс елдерінің тарапынан несие берушілерінің қарыздары азая бастаған. Ұлыбритания мен АҚШ Қазақстанға қарыз беруді айтарлықтай азайтқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x