Қос азаматтығы бар ШҚО тұрғыны елден шығарылды

Dalanews 19 сәу. 2024 10:57 1325

Аталған фактіні Алтай қаласының полиция қызметкерлері анықтады. Қазақстан азаматы – 43 жастағы ер адам бір жылдан астам уақыт бұрын Ресей азаматтығын алған. Алайда ол бұл туралы заңда белгіленген мерзім ішінде хабарламаған.
Құқық бұзушыға қатысты тиісті бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал кейінірек аудандық сотта қаралып, оның қаулысымен шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылданған,деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Тәжірибе көрсеткендей, құқық бұзушылардың қос азаматтық алуының бірнеше тиімді себептері бар, атап айтқанда: мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту, материалдық артықшылықтар алу, зейнетақы есебі, мұраға ие болу, бала туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдікке ие болу.


Жыл басынан бері ШҚО көші-қон қызметі қос азаматтығы бар 15 азаматты анықтаған, олардың 5-уі Қазақстан аумағынан шығарылды.
Басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде ҚР азаматы 30 күн ішінде ішкі істер органдарына немесе шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне мәлімдеуі керек, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x