Келес ауданында Nur Otan депутаты аз қамтылған екі отбасының баспаналы болуына ықпал етті

Dalanews 03 қыр. 2021 10:46 236

Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданында игі іс атқарылды. Келес аудандық мәслихатының жас депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Диас Абдиев биыл наурыз айында «Келес-Абай» қайрымдылық қорын құрып, жағдайы төмен отбасыларға үй салып беру бастамасын көтерген болатын.

Алдымен өзі, кейін аудан кәсіпкерлері мен қайрымды тұрғындары да қорға қаржы аударып, Біртілек ауылдық округінде екі үйдің құрылысы жүргізілді.  Бүгін қайрымдылық қоры аз қамтылған Келес ауданындағы екі отбасыға баспана сыйлады.

«Келес-Абай» қайрымдылық қорының комиссия мүшелері 2 отбасыны аз қамтылған деп танып, аталған баспаналарды ел алдында сыйға тартты.  Ошақты және Алпамыс батыр ауылдық округінде пәтер жалдап тұратын аз қамтылған жалғызбасты көпбалалы ана мен көпбалалы мүмкіндігі шектеулі азаматтың отбасы қуанышқа бөленді.



– Қоғамда жақсы, жомарт жүрек жандар көп. Солардың көмегімен «Келес-Абай» қоғамдық қайырымдылық қоры екі отбасыға арнап үй тұрғызды. Баспанаға ие болған ананың жанарындағы қуаныштың көз жасына жүрегі бар адамдардың бәрі тебіренді. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шарасын тоқтатпай, әлі талай мұқтаждарды баспанамен қамтымақпыз. Осы ретте Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлына ерекше алғыс айтқым келеді. Себебі осы жобаны бастарда ең алғашқылардың бірі болып қолдап, үй салу үшін қажетті жер телімін беріп, қолдады, – деді Диас Абдиев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x