“Жағдайға немқұрайлы қарамайық””: Прокурор Айжан Аймағанова халыққа үндеу жасады

Қаракөз Амантай 19 сәу. 2024 18:49 10858

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова желідегі оқырмандарына алғыс айтып, болып жатқан оқиғаға бей-жай қарамауға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокурор Айжан Аймағанова сот отырысы басталған сәттен бастап халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Әлеуметтік желідегі парақшасына 240 мыңға жуық оқырман жазылған. Мұнда ол өзінің алғашқы жазбасын жариялады.

“Қайырлы күн! Аккаунтымды көпшілікке жария ете еткенде көптеген адам жазылады деген ой болмады. Тек жалған аккаунттарға жол бергім келмеді. Бұл - әлеуметтік желідегі жалғыз парақшам. Менде тик-ток жоқ. Студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, соған орай осы атауды алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым”, - деп жазды ол.

Алайда ол қазіргі жағдайда өзге әріптестері секілді желіде белсенді бола алмайтынын жеткізді.

“Сіздердің қолдауларыңызға, кеңестеріңізге, қамқорлықтарыңызға алғыс айтқым келеді! Өмірде көп нәрсе ұқтым. Бір айтып кететін жағдай: адам болып өмірге келген соң - адам болу міндет. Сондықтан болып жатқан істерге бей-жәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы- жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол үшін беріп көмектесейік”, - дейді прокурор.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x