Тоқаев Исмаилов пен Дякты қызметінен босатты

Қаракөз Амантай 24 сәу. 2024 10:30 3819

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі бірдей орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды”, – деп жазды Ақорда.

Олардың орнына Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар