Павлодар облысында тұрғын үйлерді су басу және жолдарды шайып кету қаупі толығымен жойылды

Көркем Алдабергенова 20 сәу. 2024 13:29 1903

Павлодар облысында қазіргі кезде тұрғын үйлерді су басу және жолдарды шайып кету қаупі толығымен жойылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арнайы құрылған облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың барлық өтінімдері толық көлемде өтелді.

ҚР Президенті тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Аймақ бойынша демеушілік қаражат есебінен 98 млн. теңгеге 120 отбасы өтемақы алды.

Өңірде қалпына келтіруге келмейтін 7 үй тіркелді.

Оның ішінде екі отбасыға сол елді мекенде басқа тұрғын үй сатып алынды.

Ал, қалған 5 отбасы үшін жаңа үйлердің құрылысы басталды. Қажетті құрылыс материалдары жеткізілуде.

Жұмыстарды 3 айда аяқтау жоспаранған.
Су тасқынынан зардап шеккен барлық елді-мекендерді анықтау жұмыстары жалғасуда.
Жаңадан зардап шеккен отбасылар анықталған жоқ.

Су тасқынына қарсы күрес жұмыстары өңір басшысының тікелей бақылауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x