Латвия мектептері орыс тілінен түбегейлі бас тартпақ

Қаракөз Амантай 24 сәу. 2024 14:02 1265

Латвия үкіметі 2026 жылдан бастап мектептерде орыс тілін екінші шет тілі ретінде оқытуды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Есесіне, 2026-2027 оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымдары студенттерге Еуропалық Одақтың (ЕО) немесе Еуропалық экономикалық кеңістікке (ЕЭО) мүше елдердің тілін екінші шет тілі ретінде таңдауға мүмкіндік береді.

"Бұл жақсы жаңалық!", - деп түсіндірді республиканың премьер-министрі Эвика Силиня. Оның айтуынша, мұндай бастама жастарды Еуропаның білім кеңістігіне бас сұғуына ықпал етеді.

"Мектепте Еуроодақ тілдерінің бірін екінші шет тілі ретінде таңдау арқылы біз Еуропаның мәдени кеңістігіне және демократиялық әлем құндылықтарына жататындығымызды растаймыз. Осы ғасырда Ресей бастаған қанды соғыс және украин халқының геноцидінен кейін орыс тілі Латвия қоғамының едәуір бөлігі үшін міндетті екінші шет тілі ретінде қала алмайды", - деді Латвияның білім және ғылым министрі Анда Чакша Латвия министрлер кабинетінің сайтына берген сұқбатында.

Осыған дейін оппозициялық Эстонияның Консервативтік халықтық партиясы (ШҚХА) республика парламентіне министрліктер мен басқа да мемлекеттік мекемелер сайттарының орыс тіліндегі нұсқаларын жою туралы заң жобасын ұсынған болатын.

Өткен аптада Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы Литва, Латвия және Эстония басшылығының орыстілді азаматтарға қатысты саясатын айыптайтын үндеу жобасын қабылдады.

Наурыз айында Мәскеу Еуропадағы орыстілді халықты кемсітуді тоқтатуды талап етті.

Бұған дейін Латвия үкіметі 2026 жылдан бастап мектептерде орыс тілін екінші шет тілі ретінде оқытудан бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Айта кетейік, Литва билігі де мектептерде орыс тілін оқытудан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бұл туралы Žinių radijas радиосында Литваның Білім, ғылым және спорт министрі Гинтаутас Якштас айтты.

"Біз орыстілді мектептерден бас тартып қана қоймай, орыс тілін шет тілі ретінде оқытудан бас тартатын көрші Латвия мен Эстонияның ізімен жүруіміз керек", – деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар