Елордада 5000-нан астам студент экочеллендж ұйымдастырды

Жарбол Кентұлы 19 сәу. 2024 21:20 2567

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 5000-нан астам студенті ауқымды экоакцияны қолдап, қаланы тазалауға шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қоршаған ортаны тазарту мәселесін шешу бәріміз үшін пайдалы, өйткені таза ауа азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартады. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың сенбіліктерге қатысуы қалаларды өмір мен жұмыс үшін тартымды ететін дамудың негізі болуы керек. Биыл 130 жылдығы аталатын көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің есімімен аталатын университет студенттері Сейфуллин атындағы көшені абаттандыруға өз үлестерін қосуы заңды», - деді ҚазАТУ ректоры Қанат Тіреуов.

Айта кетейік, іс-шара университет студенттері қатысқан челленджден басталды. Мәселен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері эстафетаны Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жолдады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, экочеллендж жалғасады және Астананың 15 жоғары оқу орнының барлық студенттерін қамтиды.

«Бүгін біз «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында іс-шара өткіздік және баршаңызды қаламыздың тазалығын сақтауға шақырғымыз келеді, өйткені біздің денсаулығымыз осыған байланысты. Біз елімізді тартымды ету үшін Мемлекет басшысын қолдаймыз. Бүгін біз университет аумағын және оған жақын маңдағы саябақтарды тазарттық, сондай-ақ Бейбітшілік, Әлия Молдағұлова және Жеңіс даңғылдарын тазарттық. Біз өзімізбен бірге тырнауыш, күрек және сыпырғыш сияқты қажет нәрсенің бәрін алдық. Бүгінгі акцияны ЖОО-ның көптеген студенттері қолдағанын атап өткім келеді», - деді 3 курс студенті Санжар Базарбеков.

Сонымен қатар ол егер әркім өзінен бастаса, елордада тазалық пен тәртіпті сақтаса, қала одан да әдемі болып, көбірек туристерді тартатынын атап өтті.

Айта кетсек, Астанада ауқымды экоакция жалғасуда. Ол бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Осы апта «Киелі мекен» деген атпен өтуде.

«Жасыл аймақ» үшінші аптасы ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең – «Өнегелі ұрпақ», ол ардагерлер тұратын аулаларды және қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x