Экс-министр Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын шыға ала ма? Бұл сұраққа Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова кулуарда жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жақселекованың сөзінше, мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мәселесі заң бойынша регламенттелген.
"Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты. Жалпы бұл мәселені сот шешеді. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам өтінішті (ходатайство) түзеу мекемесінде бере алады", - деді Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында.
Министрдің орынбасары Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша соттың үкімі заңды күшіне енбегенін атап өтті.
"(Мерзімінен бұрын түрмеден шығу) мүмкіндігі жазасын өтеп жатқан адам оң сипатқа ие болғанда беріледі. Аса ауыр қылмыс бойынша тоқталайын. Мұнда ең аз мерзім жазаның үштен екісін кешіруге болады. Иә, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі керек. Біріншіден, (мерзімінен бұрын түрмеден шығару) шешімін сот шығарады. Екіншіден, сот үкімінің заңды күшінен енгенін күтуіміз керек", - деді вице-министр.
Еске салайық, 13 мамырда атышулы Бишімбаев ісіне қатысты сот үімі шыққан болатын. Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталса, қылмысты жасырып қалды деген күдікке ілінген інісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.