«АстраЗенека» мен «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» жүрек ауруларына диагностикалау мен емдеу үшін күш біріктіреді

Dalanews 06 мам. 2024 16:14 3976

«АстраЗенека» биофармацевтикалық компаниясы және «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі жүрек жеткіліксіздігі бойынша диагностика жасау және емдеу саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы бірлескен Меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстанда жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін күш-жігерді біріктіруге ниетті.

Меморандумға қол қоюға Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры Мария Шипулева мен «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» РҚБ  Президенті Салтанат Андосова қатысты.

«АстраЗенека» биофармацевтикалық компаниясы мен «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» РҚБ арасындағы бастама диагностиканы жақсарту саласындағы ынтымақтастықты және амилоидоз сияқты жүрекке әсері бар сирек кездесетін ауруларды емдеуге инновациялық тәсілдерді енгізуді көздейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары әлемде өлім-жітім бойынша қайғылы басымдықты бұрыннан сақтап келеді, ал Қазақстан да бұл ретте тыста қалмайды.

Әсіресе созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын адамдарда жоғары қауіптілік сақталады, өйткені бұл кесел көбінесе артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруының, ревматикалық ақаулардың және әртүрлі шығу тегі бар анемияның салдары болып табылады.

Жүрек-қан тамырлары патологиясының ерте диагностикасы  –  салауатты, әрі сапалы ұзақ өмір сүруге және жүрек-қан тамырлары өлімін азайтуға жол ашады. Осы тұрғыда ынтымақтастық туралы меморандумның маңызды аспектісі еліміздің аймақтарында кардиологтарды, терапевттерді, жалпы практика дәрігерлерін, мейірбике ісі мамандарын созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) бағдарламасына, сондай-ақ барлық фенотиптері бар СЖЖ диагностикасының эхокардиографиялық әдістеріне оқыту болып табылады.

Салтанат Андосова, «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» РҚБ Президенті: «Біз уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы қайта-қайта айтуды жөн санаймыз, себебі ол дәрігерлерге жүрек жеткіліксіздігінің неғұрлым жұмсақ және басқарылатын кезеңін тануға жол ашады, бұл өз кезегінде өлім-жітімнің азаюына ықпал етуге мүмкіндік береді. Бүгін біз терапия ретінде төрт компонентті схемаларды қолдану туралы әңгімеледік, сонымен қатар емдеуді дұрыс және уақтылы тағайындаудың маңыздылығын да атап өттік. Біздің ұмтылыстарымыз еліміздің кардиологиялық қызметін жақсартуға бағытталған, соның ішінде өңірлердегі жұмысты да айрықша атап өткен абзал. Меморандумға қол қою – ортақ мақсаттарымызға жетудің кезекті қадамы».

Ынтымақтастықтың маңызды мақсаттарының бірі ретінде осы диагноздар кездесетін пациенттерді басқаруға халықаралық тәсілдер мен стандарттарды енгізуді, соның ішінде, фармакологиялық қолдауды айтуға негіз бар. Бұған қоса, меморандумның қабылдануы нақты клиникалық практика жағдайында елдегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді басқару құнын оңтайландырумен байланысты клиникалық-экономикалық зерттеулерді ұйымдастыруда жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді.

– Біздің «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» РҚБ-мен ынтымақтастығымыз еліміздегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы мен емдеуін жақсартуға бағытталған. Біз Қазақстанда өлім-жітімді азайту және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында осы ауыр кеселмен неғұрлым тиімді күресу үшін халықаралық стандарттар мен инновациялық тәсілдерді енгізуге тырысамыз, – деді Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры Мария Шипулева.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас кардиологы, «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» РҚБ вице-президенті Махаббат Бекбосынова бүгінгі қол қою рәсімін созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуге маманданған дәрігерлер үшін айтулы оқиға екенін алға тартты.

– Меморандумға қол қою – бұл біздің қоғам мен «АстраЗенека» компаниясы үшін маңызды іс-шара, ал ең бастысы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу бағдарламасында жұмыс істейтін дәрігерлер үшін атаулы оқиға. Біздің ынтымақтастығымыз пациенттеріміздің мүдделерін басшылыққа алады. Бұл ерте диагностика мен дұрыс емдеуді білдіреді. Біздің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобаларымыздағы бірлескен негізгі міндеттер туралы айтатын болсақ, оған дәрігерлерге қажетті білім беру мен сараптаманы ұсыну кіреді. Халықаралық стандарттар мен клиникалық хаттамаларға сәйкес, диагностика мен емдеу туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету бізге әр пациентті терапияға бейімділігі тұрғысынан бақылауға оңтайлы жол ұсынады, – деп Махаббат Бекбосынова ойын ортаға салды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар