“АрселорМиттал Теміртау” компаниясы заңгерінің өліміне қатысты іс қайта қаралатын болды

Қаракөз Амантай 04 мам. 2024 10:16 1853

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының заңгері Ирина Эмді өлтіру күдігімен сотталғандарға қатысты алдында шыққан сот үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс қайтадан қарауға жіберілді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Қарағанды облыстық сотымен Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 16 ақпандағы Ж., Р.-ға қатысты үкімінің күші жойылды және қылмыстық іс өзге құрамдағы алдын ала тыңдау сатысынан бастап сол сотқа жаңа қарауға жіберілді”, - делінген Қарағанды облыстық соты мәлім еткен хабарламада.

Бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралды, олардың үкімімен мынандай айыптау үкімі шығарылды: 

  • Ж. 99-бабының 2-бөлігі 7) тармақшасы, 202-бабының 2-бөлігі 1), 5) тармақшалары, 58-бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
  • . ҚК-нің 99-бабының 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Еске салайық, өткен жылы Шахтинск қаласында өртенген пәтерден “АрселорМиттал Теміртау” компаниясы заңгерінің денесі табылған болатын.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 сәуірде түсте болған.

23 сәуірде сағат 13:01-де Жеңіске 40 жыл көшесінде бес қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Үйдің жоғарғы қабатында жиһаздар мен заттар өртенген. Өрттің жалпы ауданы – 6 шаршы метр. Оқиға орнынан 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. Мамандар тұрғын үйден 9 адамды эвакуациялады. Өрт сағат 13:31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 54 жастағы әйелдің денесінен пышақ іздері анықталған. Ол “АрселорМиттал Теміртау” компаниясының заңгері болған.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалды. Бүгінде оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар