Қысқы олимпиадан бас тартайық

Dalanews 17 ақп. 2015 22:35 290

2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер екі қала қалды. Олар – Алматы және Пекин. Басында алты қала болған, барлығы елдеріндегі саяси тұрақсыздық пен қаржылық жағдайды алға тартып, бас тартты.

[caption id="attachment_9244" align="alignleft" width="114"]Жандос Жандос Байділда, журналист[/caption]

Алматы қаласы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге алғаш болып ресми өтініш жасаған қала (2013 жылдың тамыз айының ортасында). Егер бізде алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың болатыны рас болса, қазір бас тартып үлгеруі керек. Өйткені, 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. ХОК басшылары Қысқы Олимпиада ойындарын қатарынан екі рет Шығыс Азияда өткізуді жөн көрмеуі мүмкін.
2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы 2015 жылдың жазында белгілі болады. ХОК-тың (Халықаралық Олимпиада комитеті) бағалаушы комиссиясын Ресей Олимпиада комиететінің президенті Александр Жуков басқарады. Жуковтың бүйрегі бізге бұрып кетуі әбден мүмкін.
"100 сом аз ақша емес, бірақ денсаулық та керек" дегендей, 2 млрд. доллар аз ақша емес, бірақ барлығын егжей-тегжейлі ойлау керек. Шығыны көп болса, Олимпиададан бас тарту керек.
Өздеріңізге белгілі, 2017 жылы Алматы қаласы қысқы Универсиаданы қабылдағалы отыр. Егер Универсиадаға көп қаражат жұмсалып, жаңа нысандар бой көтеріп жатса, ар жағында Олимпиада ойындарын да өткізген дұрысырақ. Өйткені Азиада мен Универсиададан кейін, Олимпиада өткізу салыстырмалы түрде оңайға түсуі мүмкін.

Жандос БАЙДІЛДА, журналист


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x