Бұ дүниенің емес, о дүниенің сотына тапсырсын

Dalanews 31 қаң. 2015 02:47 270

Асылхан МАМАШҰЛЫ, журналист:

АсылханАлматының қақ ортасында журналист Гүлжан Ерғалиеваның аштық ұстап жатқанына төртінші күн. Адам жетіскеннен аштық ұстамайды. Сөз тыңдар құлақ қалмағасын, қолында бишігі барлардың зорлығына амал таусылғасын ұстайды. "Адам бол" деген журналында бағзы заманда Ерсін Әміре деген наиб имамның ар-намысына тиіп кеткен екен. Имамның шағымынан кейін сот бес миллион (!) теңге айыппұл салады. Аштықтың бір себебі осы.

"Адам болға" тіс қайрап отырған "адам болмайтындардың" жайы түсінікті. Ал қолынан тәспі, ауызынан Алланы тастамайтын мүфтияттың имамына тақыр жерде сүріндіретін осындай абыройсыз іс не керек? Күндегісі майдан, аумалы-төкпелі сайтан саясатқа қолшоқпар болатындай не көрінді? Дүнияуи ит тірлікпен алысып келе жатқан оппозиция ма, билік пе молда үшін бәрібір емес пе еді. Ақырет пен таухидті біз сияқты пенделердің санасына құйып келе жатқаны үшін сыйлаймыз оларды. Бірақ ақтығына сеніп аштық ұстап жатқан әйел адамнан бес миллион теңге талап етіп, былай шығып иман туралы айтқанын қалай ұғасың. Алдына келсе атасының құнын кешетін қазақ едік. Осы Фейсбукте танитындар болса сәлем айтса. Аштық ұстап жатқан Гүлжан Ерғалиеваға барсын да «Мен сізді кештім, бұ дүниенің сотында шаруам жоқ, о дүниенің сотына тапсырдым» десін. Бәрекелді, жігіт екен, имам екен дейік.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x