Баспен ойлайық, ышқырмен емес!

Dalanews 15 қыр. 2016 10:45 280

«Бұқаның артылғанына өгіз мәз» дегендей Амантай қажы тоқал алды деп желі қолданушыларының алақайлайтын еш реті жоқ.

Немересімен жасты әйелмен бас қосу арсыздық, әрі орта ғасырға кері кетіп азғындаушылық. Оны кереметке балаушылардың естерінің дұрыстығына күмәнім бар.

Баспен ойлау керек қой, ышқырмен емес. Көшпенді халықтар дәстүрінде бір мүшел жас кіші әйелмен некелесуге тиым салған заман болған. Ал, қазір 2-3 мүшел жас кіші болса да оған қарап жатқан жоқ.

Күндердің күнінде қызың 18 жасқа толғанда 70-тегі шал тоқал етуге айттырып келсе батаңды бересің бе?

Қуандық Шамахайұлы, журналист

(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x