Қажылықтағы әйелдерге тән шарттар

Dalanews 19 қыр. 2015 02:54 794

Қажылықтағы мұсылмандарға міндетті болған шарттар, оның ішінде денсаулығы болуы және қажетті қаржыға ие болуы шарттарын қамтиды. Қажылыққа баратын әйелдің қасында күйеуі немесе махрамы (неке жүрмейтін) болу керек. Пайғамбарымыздың мына хадисі оған дәлел: «Әйел қасында махрамы болмай, үш күннен артық уақыт жолаушы бола алмайды» [1], – деген.

Махрам сөзі әйелдің тегі жағынан, бір емшектен сүт ему немесе қайын жұрты жағынан онымен үйлену харам болған адамдарды қамтиды.

Әйел кісіге бір топ мұсылман сенімді әйел кісілермен бірігіп, қажылық сапарына шығу үкімі:

Қайсыбір әйел бір топ әйелдермен қажылық атқарса, жеңілдік ретінде қажылығы дұрыс болады. Негізінде сенімді әйелдер болса да мәкрүһ үкіміне кіреді.

Шафииғилер мен Мәликилер мазхабында әйел сенімді әйелдермен бірге баратын болса, қажылығы толық дұрыс саналады.

Иддә мерзімін күтіп жүрмеуі. Қажылыққа баратын әйел күйеуінен ажырасу немесе күйеуінің марқұм болуы себебі мен иддә мерзімінде болмауы керек. Талақпен айтумен болған иддә мерзімі үш ай: «Сондай-ақ талақ етілген әйелдер өздігінше үш етеккірді күтсін!» [2], және «Талақ еткен әйелдеріңді үйлеріңнен шығарып жібермеңдер. Олар да шықпасын!» [3] – деген, ал аза тұтудың иддә мерзімі: «Сондай-ақ сендердің араларыңнан озып, артында әйелдері қалған болса, әйелдері өздігінше төрт ай он күн күтсін![4]», – деп бұйырған Алла Тағала.

Әйел кісілердің ер кісілерден ихрамының өзгешелігі сол, күнделікті қолданыстағы киім киюіне болады. Бетті толық тұмшалап бүркеуіне және ниқап киіп, қолғап тағуына болмайды. Ибн Аббас Пайғамбарымыз ﷺ: «Әйелдің ихрамы бетін бүркемеуінде...»[5], - деген.

Әйелдер шаштарының ұшын ғана кесу арқылы ихрамнан шығады.

Қажылыққа баратын әйелдің хайызы (етеккір) немесе нифасы (босанғаннан кейін келетін қаны) келсе, ғұсыл құйынып ихрамға кіре береді. Пайғамбарымыздыңﷺ: «Онымен бірге қажылық жасау үшін жолға шығып, Зулхулайфаға жеткенде, Умайс қызы Асма босанды. Асма Алла елшісіне ﷺ «Не істеймін?», – деп хабар жіберді. Ол «Ғұсыл құйын және астыңа киім (мата) ора, сосын ихрамға кіре бер», [6], деген Жәбир риуаятында.

Мүмкіндігіне қарай әйел кісілер тауапты ер кісілермен араласпай, алысырақ тауап қылғандары сүннет.

Қажылықта хайыз және нифас халіндегі әйел тауафтан басқа үкімдерді орындай алады. Меккеден қайтқанша тазармаса, кетер кезде Уәдәғ тауафын жасамайды. Анығын бір Алла біледі.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x