Жаңа Қазақстанда шылым шегуге қандай тосқауыл қойып жатыр?

Dalanews 28 ақп. 2023 09:00 408

Бүгінде темекі шегу жастар арасында сәнге айналғандай. Олар темекі  адам денсаулығын зақымдап, онкологиялық ауруларды қоздыратынына мән бермейді. Өкінішке орай, мұны көпшілікке, соның ішінде жастарға түсіндіру қиын болып тұр.  

Бүгінде жер шарында жыл сайын темекі тартудан 7 миллион адам көз жұмаса, Қазақстанда шылымшылардың жыл сайын қатары 18 мың адамға кеміп отырады екен. Осы бір ғана темекінің кесірінен қазақ қоғамы мыңдаған адамнан айырылуда.

Статистикалық дерек көздеріне көз салатын болсақ, бүгінде Қазақстан  шылым шегу бойынша дүниежүзі елдерінің арасында 41 орынға табан тірепті. Бұл жақсы көрсеткіш емес.

Ең сорақысы елімізде жастардың шылымға деген әуестігі жыл өткен сайын артып келеді. Мұны ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят мойындап отыр.

Министрдің қоғамдық ортаға ұсынған мәліметінше, мектеп оқушылары арасында да темекі шегушілердің қатары артқанын жасырмай айтты.

Министрліктің мәліметке сүйенсек бүгінде мектеп 15 жастан жоғары балалардың 10 пайызы темекі шегетіне анықталып отыр. Ал қыздар арасында бұл көрсеткіш 6 пайызды шылқор болып шыққан.


Сонымен қатар жастардың арасында электронды темекіні де пайдалану әдеті де сәнге айналғаны жасыруға болмас.

Мектеп оқушыларының темекіге әуестігінің артуы қоғам үшін қауіпті құбылыс. Жастарды, жалпы халықты темекі өнімдерінен қорғау мемлекетіміз үшін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл ретте билік те қарап отырған жоқ.

Халықтың темекіден қорғауға қатысты іс-шаралар 2009 жылдан бастап қолған алынған болатын. Ол кезде еліміз бойынша қоғамдық орындарда темекі шегуге қатаң түрде тыйым салынған еді.

Ал 2021 жылдан бастап дүкендерде жасы 21 жасқа толмағандарға темекі мен темекі өнімдерін саудалауға қатаң түрде тыйым салынғанын білеміз.  


Бұдан басқа дәл осы жылы дәмханалар мен қоғамдық орындарда (жазғы алаңдар, көше) кальян шегуге де тыйым салынды.

Ең бастысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған «Дені сау – ұлт» Ұлттық жоспарында халық арасында шылым шегу деңгейін төмендетуге қатысты нақты іс-шаралар жоспары қабылданып, бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі соны жүзеге асырып жатқанын айрықша атап айтуға болады.

Аталған бағдарламада елімізде темекі өнімдерінің акцизін кезең-кезеңмен көтеру мәселесі де қарастырылған. Темекі өнімдерінің бағасын көтеріп, халықтың одан бас тартуы әлемде өзін ақтаған айла-тәсіл екенін бәріміз білеміз. Сондықтан Қазақстан да бұл тәсілді қолдануы керек.

Бұдан басқа бұл Ұлттық жоспарда ел азаматтарын шылым шегудің зияндығын жете түсіндіруге 27,5 млн теңге де бөлінгенін атап айтуға болады.

Осы ретте «Қала мен Дала» газетіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығы басшысы Салтанат Назарова халық арасында салауатты өмір салытын насихаттап, жұрттың темекіден бас тартуға қатысты насихат жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келе жатқанын алға тартты.

– Жастар арасындағы темекіге әуестік ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Оларға темекінің денсауылыққа қаншалықты зиян екенін барынша түсіндіріп келеміз.

Сонымен қатар қазір елімізде темекіні тастағысы келетін азаматтар жетіп артылады. Оларға білікті мамандардың қолдауы керек.

Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі емханалардың жанынан темекінің тастауға ұмытылған адамдарға кәсіби түрде кеңес беріп, қолдау көрсететін 113 кабинет ашты.


Қазір аталған кабинеттерде темекіні қалай тастауға кәсіби тұрғыдан кеңес беретін мамандар жұмыс істейді. Кез келген адам осы кабинеттерге жүгініп, темекіні тастау кезінде психологиялық кеңестер алуына болады, – дейді Салтанат Назарова.

Темекіден бас тарту әр адамның еріндегі шаруа. Сырттан әлдекімдердің айтқанымен ешкім шылымды шегуін қойып кетпейтіні белгілі. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегудің адам өміріне қаншалықты зиян екенін халыққа үздіксіз айта беруі керек. Бұл бағыттағы ақпараттық-насихат жұмыстары артықтық етпейді.

Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамауы тиіс. Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір азаматтың өмірлік кредосына айналуы керек.

Нұрлан ӘУБӘКІР 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x