Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын егу бойынша 1-орында

Dalanews 02 ақп. 2022 08:21 203

Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер санымен республика бойынша 1-орында тұр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста «Pfizer» вакцинасының 1-компонентін 155712 адам салдырды. Өңір бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі 138356 жасөспірім, 7500 жүкті әйел және 9856 емізулі ана «Pfizer» екпесін алды. 2-компонентті 82692 адам қабылдады.

Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Түркістан облысында КВИ-ге қарсы 1046156 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 1043868 адам вакцина алды.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 17 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,10% құрайды. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 809 орын бар. Оның 586-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 18 251 жағдай тіркелді. Олардың 9448-да ауру симптомсыз өткен болатын.

Сондай-ақ, Түркістан облысында қазіргі таңда 150683 адам ревакцинация алды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x