Шығыста 37 700 жас жеткіншектер мен аналарға Pfizer вакцинасы салынды

Dalanews 10 желт. 2021 10:29 215

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау қараша айының басынан бастап жүзеге аса бастаған-ды. Облыстағы осы санатқа жататын тұрғындар вакцина алу ісіне жауапкершілікпен қарап, өз еріктерімен екпе алып жатқанын ШҚО Санитария-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысының орынбасары Ғалымбек Алин Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы жасөсіпірмдер мен жүкті және сәбиі бар аналарды Pfizer вакцинасын егуді ұсынған болатын. Бүгінде Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ және Аргентина сынды дамыған елдер жас жеткіншектер мен аналарға Pfizer вакцинасы салып жатқаны белгілі.

Шығыс Қазақстан облысында вакцинациялау жұмысы қалай жүріп жатқаны жайында кең көлемде мәлімет берген Ғалымбек Алин қазіргі таңда облыста Pfizer вакцинасын 37 700-ден астам қабылдағанын алға тартты. Екпе салдырғандардың 34,5 мың жасөспірімдер құраса, 700-і жүкіті әйелдер, 2,5 мыңы сәбилі аналар екенін айтты.

Ғалымбек Алин дәрігерлер екпе салдыруға келген кез келген адамның дене қызуын өлшеп, қан қысымын тексеретінін айтты. Егер пациентте қандайда бір жағдайлар анықталып, екпеге қарсы аллергиясы болса, екпе салуға жіберілмейтінін жеткізді. Бұдан басқа жасөсіпірмдерге ата-аналарының жазбаша рұқсат берген кезде ғана екпе салынатыны айтты.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы аумағында 253 екпе салу пунктері жұмыс істейді. Өскемен қаласында ана мен бала орталығында орналасқан пункте осыған дейін 12 мен 17 жас аралығындағы 250 бала екпе қабылдап үлгеріпті. Дәргерлер өз еріктерміен вакцина алып, індеттің таралуына тосқауыл қоюға үлес қосып жатқан азаматтардың қабылдаған шешімі орынды екенін айтуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x