Түркістандық дәрігерлер АҚШ-та білім алып жүр

Dalanews 06 желт. 2021 14:36 333

Түркістан облысының медицина мамандары АҚШ мемлекетінің Харвест қаласында біліктіліктерін арттырып жатыр. Оқуда жиналған тәжірибе облыс медицинасының сапасын арттыруға мүмкіншілік береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер BLS, ACLS, PALS бағдарламалары бойынша жедел медицина нұсқаушыларын даярлау тақырыбында білім алып, Түркістан облысында ересектер мен балаларға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік шыңдауда.

Америка Құрама Штаттарына кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Жетісай аудандарының 11 медициналық қызметкерінен жасақталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x