Back

Даниал Ахметов коронавируспен ауырып жатқандардың өмірін сақтап қалу үшін қан тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қан орталығында 600 миллилитр иммундық плазма тапсырды. Қан ауыр хәлде жатқан үш науқасты емдеуге жетеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Құрметті жерлестер, бүгін мен барлық қажетті талдаулардан өткеннен кейін плазма доноры болдым. Қан орталығы дәрігерлерінің қадағалауымен 600 миллилитр плазма тапсырдым, – деп жазды аймақ басшысы Инстаграм парақшасында.

Ол сондай-ақ, донордың жағдайын тұрақты қадағалап отырады, орталық мамандарының жоғары кәсібилігінің арқасында процедура жағымсыз әсерсіз әрі жеңіл өткен.

Аймақтық қан орталығы қызметкерлерінің айтуынша, иммундық плазма COVID-19 инфекциясының ауыр түрімен сырқаттанған науқастарды емдеудің тиімді құралы екенін айтты.

Терапиядағы бұл әдістің тиімділігін әлемдік ғылыми институттар дәлелдеген. Орталық мамандары Шығыс Қазақстан облысы ковидпен қатты ауырған науқастарға көмектесе алатын еліміздегі иммундық плазма банкін құрған бірінші аймақ. Тек өткен аптада 234 доза дайындалған.

– Донор болғысы келетіндердің көбейіп келе жатқаны қуантады. Айта кету керек, плазманы коронавируспен ауыратындар да, екі ай өтсе, мен сияқты вакцина салғандар да тапсыра алады. Менің қанымдағы антиденелер титрі өте жоғары. Сондықтан, мен бүгін тапсырған плазма дозасы ауыр хәлде жатқан үш науқасты емдеуге жетеді. Біз тек осылай ғана коронавирус инфекциясының таралуын тоқтата аламыз және қазір жағдайы өте қиын жақындарымызға көмектесе алатынымызға сенімдімін, – деді Даниал Ахметов.

Плазманы тапсыру рәсімінен кейін аймақ басшысы дәстүрлі тәтті шәй ішіп, донорларға тиесілі ақшаны балалар үйінің шотына аударды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы парақшасындағы жазбасында  шығысқазақстандықтарды Токиода өтіп жатқан Олимпиадада үш қарғып секіруден бүгін сынға түсетін Ольга Рыпакованы қолдап, жанкүйер болуға шақырды.

Тағы оқыңыз:

Даниал Ахметов: «Ата-бабалырымыз жер өңдеп, металды бірінші болып өндірген»