"Жаңа штамм өлім жағдайына алып келеді". Алматының Денсаулық басқармасы жұртты сақтандырды

Dalanews 27 шіл. 2021 11:39 235

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, инфекциялық ахуал күрделі. Екі аптаның ішінде КВИ ауруы 1,2 есе өсті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Н. Табынбаевтың айтуынша, бұл коронавирустың «дельта» нұсқасының таралуымен байланысты.

– Жыл басынан бері КВИ-ді жұқтырған 74 мыңға жуық науқас тіркелді. 1 мен 27 шілде аралығында 18 118 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды. Бұл пессимистік болжамнан едәуір жоғары. Ол 10 700 жағдайды құрады, – деді Алматы ҚДБ басшысы.

Алматыда індет басталғалы 2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін КВИ жұқтырған 92 424 науқас тіркелді.

Н. Табынбаев олардың ведомствосы алдағы екі айға 30 қыркүйекке дейін болжам дайындағанын айтты.

– Базалық болжамға сәйкес, сырқаттанушылықтың бастапқы кезеңі тамыздың бірінші онкүндігіне келеді, тәулігіне 1 600-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі. Пессимистік болжамға сәйкес, аурудың шарықтау шегі 10 мен 11 тамызда тіркеліп, тәулігіне 1 900 жаңа жағдай тіркеледі. Тамыз айында аурудың 34 500 жағдайы, ал 2021 жылдың қыркүйегінде 4 500 жағдай тіркелген аурудың төмендеуі болжануда, – деді Н. Табынбаев.

ҚДБ басшысы 7 мың инфекциялық төсек дайындалғанын айтты.  Резервте қосымша 3 мың төсек-орын бар. Қиын жағдайда тағы 2 мың резервтік төсек-орын дайындалады.

Н. Табынбаев бүгінде 6 400 төсек-орын тартылғанын, олардың жүктемесі 3 827 науқасты, оның ішінде 239 баланы құрайтынын айтты. Стационарларда ауыр жағдайда 114 науқас және 956 науқас ауыр жағдайда ем алуда.

Инфекциялық стационарларда 500 реанимациялық төсек-орын бар. Жұмыс жүктемесі 52% құрайды. ӨЖЖ аппараттарына 29 науқас қосылған. Өкпені инвазивті емес желдетуде – 105 адам, High Flo – 99 науқас бар.

– Коронавирустың жаңа штаммдары агрессивті, өлім жағдайына алып келеді. Барлық кезеңде 1 092 адам қайтыс болды. Осы жылы 1 қаңтар мен 26 шілде аралығында 703 адам қайтыс болды. Халықтың өлімі, жағдайдың ауырлығына байланысты вакцина алу өте маңызды. Бүгінде бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың және індет салдарын еңсерудің бірден-бір қолайлы тәсілі, – деді Н. Табынбаев.

ҚДБ басшысы күн сайын 6 мыңнан астам медицина қызметкері ковидтік стационарларда алматылықтардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін күресіп жатқанын хабарлады. Тағы 1 700 қызметкер резервте тұр.

Еске салсақ, КВИ дертінің таралуына қарсы тұрудың жалғыз жолы вакцина алу. Қаланың бас дәрігері өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін белсенді вакциналауға шақырады. Алматыда екпе пункттерінің кең желісі ашылды. Күн сайын 15-20 мыңға дейін екпе алуға мүмкіндік бар. 26 шілде күні вакцинаның 1 компонентінің 768 545 дозасы және 2 компонентінің 499 185 дозасы алынды.

27 шілдедегі жағдай бойынша екпенің 1-ші компонентнін халықтың жалпы санынан 32,9% (ауырып жазылған адамдардың 10%), 2-ші компонентін – 21,4% (ауырып жазылған адамдардың 10%) құрады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x