Алматыда індет жұқтырғандар екі есеге өсті. Мамандар белсенді вакциналануға шақырады

Dalanews 07 шіл. 2021 08:33 245

Алматының СЭБД-нің деректері бойынша өткен аптада КВИ дерті 1,7 есеге өсті, соңғы тәулікте 299 КВИ жағдайы тіркелді, тәуліктік өсім - 0,3% құраған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

7 шілдедегі жағдай бойынша қалада коронавирустық инфекцияның 76407 жағдайы тіркелді, оның 59660-ы симптомды және 16747-сі симптомсыз, анықталмаған пневмония – 2013. 6 шілдеде коронавирус инфекциясының 299 жағдайы тіркелді, оның 259-ы симптомды,  40-ы симптомсыз. Тәуліктік өсім – 0,3%. Репродуктивті саны – 1,353.

Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауырлық дәрежесінде. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102  пациент жатыр. ӨЖЖ аппаратында – 19, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 34, High flow  аппаратындағылар – 22.

Бүгінгі күні АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауымен 2306 науқас үйде жатыр, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жағдайлары жеңіл және 45-і орташа ауырлық дәрежесінде.

Алматыда 7 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаны 534 199 адам алды, оның ішінде 5 240 полиция қызметкері, 29 501 мұғалім, 34 229 дәрігер. Вакциналанғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 87134 адамды құрайды (16,3%). Қаланың СЭБД егде жастағы азаматтарды белсенді түрде вакциналануға шақырады, өйткені вакцина созылмалы ауруы бар науқастардың инфекция жұқтыруларының алдын алады.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 екпе  пункттері жұмыс жасауда. Құрамында 1260 адам бар 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x