Салтанат Байқошқарова: «Вакцина қажет, ол ананы да, баланы да қорғайды»

Dalanews 12 мау. 2021 08:25 210

Алматы репродуктологы Салтанат Байқошқарова COVID-19 вакцинасының жоспарланған жүктілікке әсері туралы қауесетті жоққа шығарды. Оның айтуынша, вакцина қажет, өйткені бұл ананы да, баланы да қорғайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салтанат Байқошқарова “Пробиркадан" шыққан тұңғыш қазақстандық баланың авторы және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Ол ата-ана болуға дайындалып жүргендерге коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді. Бұл туралы дәрігер “Алматы” телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Егер әйел жүктілік кезінде COVID-19 ауруын жұқтырса, қауіпті асқынулар туындайды» деді Салтанат Байқошқарова.

Репродуктология мен эмбриология саласындағы танымал көшбасшы маман вакцина әйелді де, ер адамды да бедеулікке әкелмейді деп сендіреді. Сондай-ақ, маман КВИ вакцинасынан кейін ЭКО бағдарламасынан бас тарту жалған екенін айтты.

«Коронавирус вакцинасынан кейін ешкім ЭКО-дан бас тартпайды. Вакцинаның екінші дозасын алып бір айдан кейін жүктілікті жоспарлап, ЭКО бағдарламасына баруға болады» деді С. Байқошқарова.

Сонымен қатар дәрігер вакцина адамның репродуктивті жүйесіне әсер етпейтінін айтты.

– Керісінше вакцина алған адамда коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасады сондықтан жүктілікті жоспарлауға болады. Вакцина ерлерді де, әйелдерді де бедеулікке әкелмейді. Біз науқастарға алдымен вакцина алуды, бір-екі айдан кейін жүктілікті жоспарлауды ұсынамыз, – деді С. Байқошқарова.

Оның айтуынша, егер әйел табиғи жолмен немесе ЭКО-мен жүкті болып, ауру жұқтырса жүктілік кезінде асқынулар болады. "Әрине, қайғылы жағдай болғанын қаламайтынымыз анық, сондықтан вакцина алу маңызды", - деді дәрігер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x