Түркістанда қазақ-түрік дәрігерлерінің халықаралық симпозиумы өтуде

Dalanews 27 сәу. 2021 04:49 296

Түркістанда екі күнге созылған Халықаралық симпозиум өтіп жатыр. 27-28 сәуір күндері Түркияның үздік хирург дәрігерлері екі күн бойы өз тәжірибелерімен бөліседі. Шара барысында «балалардың туа біткен» аурулары мен «сүт безі қатерлі ісігін» ота әдісімен емдеу мәселелері талқыланбақ, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Симпозиумға Түркияның «Лив Улус» клиникасының білікті дәрігерлері арнайы келді. Бүгінде Түркияда аталмыш мекеменің 17 қалада 37 ауруханасы бар. Жиында алғашқы болып хирургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар Селами мырза сөз сөйледі. Оның айтуынша, пандемия жағдайында B2B форматында кездесу ұйымдастыру дәрігерлер үшін зор мүмкіндік.

– Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды. 33 жыл хирургия саласында қызмет етіп келемін. Менің Қазақстаннан келетін науқастарым көп болған. Бір байқанаым қазақстандық дәрігерлердің тәжірибесі мол. Сондықтан бүгінгі жиын барлығымыз үшін пайдасы зор. Біз өзара тәжірибемен бөлісіп, біліктілігімізді арттыратын боламыз, – дейді профессор Селами Сезюбир.


Шараға сондай-ақ,  Түркістан облысының дәрігерлері де қатысуда. Аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары.

Елімізде жыл сайын ана мен бала денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент Жолдауларында, денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған бағдарламаларда бұл мәселе назардан тыс қалған емес.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x