Ғазиз Надуев: «Шектеу шараларынан құтылу үшін вакцинация салдыруымыз керек»

Dalanews 21 сәу. 2021 04:09 144

Маңғыстау облысына осы күнге дейін «Спутник – V» вакцинасының 39 550 дозасы жеткізілді (20 250 доза I компонент, 19 300 доза II компонент). Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 20 сәуіріне дейін аймақта коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компонентін 14 027 адам, 2 компонентін 1 702 адам алды.

– Вакцинациялау медициналық ұйымдардың егу пункттерінде жүргізіледі. Қазір 28 егу пункті жұмыс істейді. Оның 4-уі жылжымалы, ал қалғандары медициналық ұйымдардарда орналасқан. Шектеу шараларынан құтылып, бұрынғы қалпымызға қайта келу үшін вакцинациядан өтуіміз керек, – деді Ғазиз Надуев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x