Атырау облысында сегізінші оттегі станциясы іске қосылды
Атырау облысындағы Индер аудандық ауруханасында оттегі станциясы іске қосылып, өңірдегі оттегі станциялар саны сегізге жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде өңірде 7 медициналық ұйымда орталықтандырылған оттегі станциясы жұмыс істейді. Олар – облыстық перинаталдық орталық, облыстық кардиологиялық орталық, облыстық аурухана, Атырау қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 облыстық аурухана, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында орналастырылған.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы тағы бір медициналық ұйымда – Құлсары қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында оттегі станциясын орнату жоспарлануда.