Коронавирустан қайтыс болғандарды қалай жерлейді?

Dalanews 26 нау. 2020 17:44 261

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдағасымованың Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған алгоритм Коронавирустан қайтыс болған адамды жерлеу жерлеу тәртібі бар екенін алға тартты,  деп хабарлайды Dalanews.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирустан қайтыс болған адамды жерлеу алгоритмі қалалық Коронавируспен күресті үйлестіру штабына ұсынылып, бекітілгенін Алматының бас санитар дәрігері алға тартты. Оның тәртібі бойынша марқұмның жерлеуге қатысатын туыстарына, жалпы жамағатқа жұқтырмау басты назарда болады.

– Бізде алгоритм бекітілген. Ол қолымызда бар. Аса қауіпті инфекциямен ауырып қайтыс болғандарға қатысты кремация жасалуы керек. Бірақ ол біздің елде жоқ. Өлікті сою процедурасы жасалмайды. Дезинфекциядан соң, жерлейтін арнайы полигонға апарып жерлеу жағдайлары жазылған алгоритм қолымызда тұр.


Адамның жаназасы зираттың басында шығарылады, жерлейтін арнайы топ құрылып, оларға арнайы қорғау киімдері беріліп, белгілі жұқпалы аурудың алдын алу ережелерін сақтай отырып, іске асырылады. Жерлеу рәсіміне эпидемиолог дәрігерлер қатысып, басқарады. Жерлеу біткесін жерлеу тобы медициналық бақылауға алынып, тексеріледі,  – деді Алматының бас санитар дәрігері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x