Біртанов: «Германиядан келген екі қазақтан коронавирус табылды»

Dalanews 13 нау. 2020 09:46 174

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталып, Алматыда емдеуге жіберілгенін мәлімдеді.

– Олар Алматыда стационарға жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, халі жақсы. Қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр, – деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, олар 9 және 12 наурызда екі түрлі ұшақпен ұшып келген. Бір ұшақта болған 12 адамның барлығы карантинге жіберілген. Ал 9 наурыз күнгі рейсте болған 73 жолаушыны тауып, карантинге жатқызу мәселесі қарастырылып жатқанын министр алға тартты.


11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда тараған Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған.

12 наурызда Қазақстан үкіметі мектеп оқушыларын демалысқа ерте шығарып, студенттерді онлайн оқуға көшіріп, мерекелік іс-шара мен ұшақ қатынасына шектеу енгізілетінін хабарлады.

Үш ай бұрын Қытайда тарай бастаған COVID-19 коронавирусын қазір 120-ға жуық елде 130 мыңға тарта адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 5 мыңға жуықтады. 70 мыңдай науқас аурудан айыққан.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x